ҚЫСҚА

lat: QYSQA

сын. 1. Шолақ, ұзын емес (қашықтық жағынан).



Қысқа өлең сияқтанып қысқа болар

Деп ойлап ем,

Ұзын болдың, өмірім.

Ұрдым-пердім ұлым болар

Деп ойлап ем,

Ұзатылар қызым болдың, өмірім (3,44).


Рас, ақын айтар оқиғасының неғұрлым тұжырымды, қысқа болуын қатаң бақылайды (4,250).


2. Уақыт жағынан аз; ұзақ емес.


Сірә, бізге тыныштық жоқ тұрмыста,

Іздеме оны, табамын деп тырмыспа.

Тыныштық жоқ, тыныштық бар мәңгілік,

Тындырып бақ, ғұмыр қысқа, күн қысқа.

Тіршілікте тыныштық жоқ тұрмыста (2,374).


Сұлулық саған қысқа мерзімге орныққан,

Табиғат оны мәңгілік бермес молдықтан.

Кезегі келіп, өзіңнің мұрагеріңе,

Көшсін мейлі, көшуі заңды сондықтан (4,13).