ҚЫСҚАР

lat: QYSQAR

ет. 1. Қысқа болып қалу, шолтию (ұзындық жағынан).


Егер олар мінбелерден толғанса,

Қысқарады қиын өткел, жол қанша.

Бұл өмірде алынбайтын жоқ қамал,

Егер олар байлам жасап, қолға алса! (2,287).


2. Уақыт жағынан азаю.

Жарқырап шығып,

Қалтырап барып батар күн.

Қысқарып қалар тәулігі ұзақ сапардың.

Күн батқан жерге,

Қосымды мен де апардым,

Күнменен бірге дамылдап мен де жатармын (3,211).