lat: QYSQARTÝ
Қысқарт етістігінің қимыл атауы.
1. Шектеу, азайту.
Көп колхоздарда жергілікті жағдайларды ескермей, көмекші шаруашылықты қысқарту байқалып жүр (С.Қаженбаев, Балық колхозы.).
Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны шектеу, шетел жұмысшыларының репартациясын (Отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту , жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негіз.).
2. Санын кеміттіру.
Сені штатты қысқарту тәртібімен шығарттырды . Үйренуші деген штат шеберханаға берілмейді дейді (I. Есен- берлин, Маңғыстау.).