ҚЫСҚАШ

lat: QYSQASH

з а т. 1. Оттан шоқ алатын қысқыш құрал; шымшуыр.

Есіктің дәл көзінде шашылып жатқан леген, қысқаш тәрізді заттарды ат тұяғына қаңғырлата басқызып, тістеніп айқай салдым (Б.Соқпақбаев, Өлген - дер.).

2. Ұстаның қызған темірді ұстайтын құралы.

Ыбырайдың бір қолында үлкен балға, бір қолында ұзын қысқаш (С.Сейфуллин, Шығ. жин.).

Қолындағы балғасын бір жаққа лақтырып, қысқашын шелектегі суға салды (С.Шәріпов, Бекболат).

Тетігін тауып темір соқ,

Қысқаш пенен балға бар.

Өнеріңе үйлесіп,

Темірсіз болмас, таңдап ал (Дулат Бабатай.лы, Замана.).