lat: QYSTA
е т. Қыс бойы бір жерге қоныс тебу, қыстап шығу.
«Не керек, ең болмаса бір жыл қыстап, қызығын да көрмеді» – деп, көзінің жасын іркетін шешем (А.Жұмаділдин, Сең.).
Ит жүгірген жоқ абалап, күшік те үрмеді,
Кеудемді басты ұйықтасам ішіктер менің.
Шыбықты дейтін бір жерді қыстайтын атам,
Кешкі тамағын қонақсыз ішіп көрмеді (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Қыста үш-төрт отар бір жерге қыстайтын болып жүрміз (Тоғызыншы шежіре).