ҚЫЗҒАНУ

lat: QYZǴANÝ

Қызған етістігінің қимыл атауы.

1. Қызғаныш білдіру, іші күю.

Шіркін-ай, бізге бұйырса деген қызығу мен біреуге кетіп қалар ма екен деген қызғану ішкі дүниемді қатар кеулеп тұрған (Б.Тоқтаров, Тауда.).

2. Жақсы көрген адамын өзгеге қимау, қызғаныш сезімі билеу.

Қызық қой, наздану да, қызғану да,

Ғашықтың көн отына, ызғарына.

Теріскей желдей соққан сонау бір жыл,

Әулие махаббатты бұзбады ма? (Қ.Бекхожин, Үш кезең).