ҚЫЗҒАН

lat: QYZǴAN

е т. 1. Затты, дүние-мүлікті, атақ-дәрежені т.б. өзгеге қимай іштен күю; күндейтін қызғаныш сезімі билеу.

Әрбір қалт еткен қимылынан дүние-байлықтың буы бұрқырап тұрған бай жігітке біз алғашқыда қызыға да қызғана қарадық .Ораз, Қазығұрт.).

2. Жақсы көрген адамының өзге біреумен қарым-қатынас жасауын көтере алмау, қызғаныш сезіміне жеңдіру .

Жоқ, шыным, мен сені жиырма жылдай қызғанып келдім, жаңағы жаныңа отырған келіншектен де қызғанам (I.Есенберлин, Алтын құс).

3 . Төліне, ұрғашысына жақындатпау үшін жануарлар тарапынан болатын қорғаштау.

Көк сиыр бұзауын қызғанып, бізге қарай тап-тап береді (Ауызекі).