ҚЫЗҒАНЫС

lat: QYZǴANYS

е т. Бір-бірінен қызғану, өзгеге қимай іштарлық, күншілдік танытысу.

Арыстан аюменен жемтік тапты,

Өздерін көре сала оқтай атты.

Қиыспай бір-біріне қызғанысып,

Алысып әлі құрып талып жатты (Ө.Тұрманжанов, Қарлығаш).

Қайдостың келіншегі Бөкенші мен Борсаққа екі емшегін қатар беріп еді, өмірге келген қос сәби қызғанысып, бірінің бетін бірі тырнады (О.Бөкеев, Үркер).