lat: QYZǴANYSH
з а т. 1. Іштарлықтан, күндеуден туатын сезім.
Бірақ нені біліп суындым, оны өзім де білмеймін, адам баласын аздыратын ең жақын жауы – қызғаныш қой (С.Бегалин, Уақыт.).
Доғал досының мұнысын қызғаныш деп ұқса керек, манағыдай тағы бір көз қысып, орнынан атып тұрды (Т.Ахтанов, Боран).
Қызғаныш , жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық – бәрі ұласып, оның тірі қалып, көзге күйік болғанына бармағын шайнап зығырланар еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
2. п с и х. Адамның басқа біреудің (адамдар тобының) игілік, жетістіктеріне (табыс, танымалдық, байлық, еңбек мерейі, біреудің жақсы көруі не сүйіспеншілігі) жақтырмай, жаулықпен қарау сезімінің күйініш нысаны.
Қызғаныш көре алмаушылықпен тектес. Бұл эмоциялардың екеуі де өзіне-өзі тәнтілікке, өзімшілдікке, атаққұмарлыққа негізделеді (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Қызғаныштың негізі жоқ себептері болуы мүмкін, едәуір дәрежеде адамның түсініктерінен туындауы ықтимал. Қызғаныш сезіміне берілген адам болмысты нақты қабылдай алмайды, күмәншіл, күдікшіл болуға айналады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
3. Жақын адамын ұнатудан, жақсы көргендіктен немесе күдіктен өзгеге қимай, қызғану түріндегі адамда болатын сезім.
Азаппенен атса да асау таңдарым,
Қайрағам жоқ қызғаныштың қанжарын!
Iштен тынып жүре бердім төзген боп.
Өзін шексіз құлай сүйген жан барын
Қайран ақын сезген жоқ (М.Шаханов, Ғасырлар.).