lat: QYZMET
[ар. خذمة ] з а т. 1. Еңбек ету аясындағы жұмыс; кәсіп.
Сол сияқты хабарларға жалғаса бір күні Азамат Азаматычтың Қарасай қаласына қызметке келгендігі тарады (Б.Майлин, Азамат.).
Үлкен қызмет, жұмысы маңызды. Қызметке әбден орнығып қалды, Құдайға шүкір, абырой- атағы да жаман емес (Т.Нұрмағамбетов, Ескі үй.).
2. а у ы с. Бір нәрсенің мәні; маңызы, орны.
Машина өз алдына, жылқы өз алдына, әрқайсысының орны,қызметі басқа-басқа (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).
Бұл – қазақ поэзиясының келешегі, оның қоғамдық қыз-меті туралы мәселе (С.Қирабаев, Октябрь.).
Шаруа адамына сиыр малы неліктен қадірлі, жылқының қызметі немесе түйенің пайдасы қандай? (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.).