ҚЫЗМЕТШІ

lat: QYZMETSHİ

з а т. с ө й л. 1. Қызметкер .

Қарлығаш заводтың жас жұмысшылары мен қызметшілері тұратын төрт қабатты үлкен жатақхананың бір бөлмесінде тұрады екен.Хайдаров, Құрыш.).

Тұз өндірісіндегі жұмысшылар мен қызметшілер жаппай тау-кен жұмысшылары кәсіподағының мүшелігіне тартылады (X.Ермұратов, Октябрь.).

2. Біреуге жалданып жұмыс істеуші адам, жалшы, күтуші .

Қоншы руынан шыққан Мір Хақберді бек үй ішін, қызметшілерін қалмақ шабуылынан аман сақтау үшін Ыстықкөл жағасына аттанды (I.Есенберлин, Алмас.).

3. а у ы с. Біреудің, я бір нәрсенің тілек-талабын іске асырушы, мүддесін қорғаушы.

Мамыт Зұлқиядан сана- лы жасты, халық мұратының қызметшісін көрді (М.Иманжанов, Таныс қыз.).

Қаби Халиуллин әскери міндетін орындай жүріп, өзінің депутаттық борышын халық қызметшісі екенін де ешбір есінен шығарған емес.Жетпісбаев, Жорық.).

Ал халық қызметшісі ретінде еңбекшілердің шағым-арыздарын қарап, шешу қазіргі ең жауапты борыш болып отыр (Жарық жұлдыз).