ҚЫЗОЙНАҚ

lat: QYZOINAQ

з а т. э т н. Бозбала, бойжеткендердің бас қосып өткізетін ойын- сауық кеші.

Қыздың ұзатылар алдында ауыл жастарының қоштасуы ретінде өткізілетін сауық кеші де қызойнақ деп аталады (Қазақ өнері энцик.).

Бұрынғыдай бәйгі бозға мініп, аяшылық етуге, түндерде алтыбақан теуіп, қызойнақтарды құр өткізбеуге уақыт қалмаған сияқты (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).

Бұрын кіші ауылды атағанда, қыз-келіншек, қызойнақ , бозбала жиналып карта ойнау еске түсетін (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Естайдың көз алдына баяғы Текшедегі қызойнақ , айлы кештегі «алтыбақан», үстіне қос етек көйлек, қима бел қызыл кәмзол киіп, ай астында ақ үкісі бұлғаңдап сұлулық тәңірісіндей құлпырған Дүрия елестеп өтті (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).