lat: QYZYǴÝSHYLYQ
з а т. Дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі, адамның зейіні ауып, елігуден болатын құмартушылық, ынтығушылық.
Бірақ өлеңге қызығушылығым бұрынғыдай емес, бәсең тартып барады (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
Сақыптың қуанышты үнін естігеннен кейін «ол қандай жігіт екен» деген қызға тән іштей қызығушылық көкірегін жайлап алды (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.).
Мені бір қызығушылық қытықтағандай алып ұшырып, жанымды шығарып барады (Ә.Қалдыбаев, Шаншар.).