ҚЫЗЫЛ

lat: QYZYL

с ы н. 1. Қан түсті, қырмызы.

Самаурынның екі жағындағы екі епті даяршы қара ботносқа қызыл кәрлен шыны-аяқтарды қатарлап тізіп, шай құюға кірісті (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қ ы з ы л шоқ жалау кімдікі?

– Кім де кім шикі қан жұтса,

Қан аңсап жүріп шаң жұтса,

Қызыл қан жалау соныкі (М.Жұмабаев, Шығ.).

// Қызыл түс .

Әкесі мен баласының талғамы екі түрлі болса керек, бірі қызылды, бірі ақ түсті жақсы көрген (Т.Ахтанов, Үндістан.).

2. Жылқы малында болатын ақ аралас көкшіл түс.

Қайырбек қызыл аттың ауыздығын салып, тізгінін Баршагүлге берді (Ғ.Сланов, Шалқар).

Меңгеруші қашанда астынан түспейтін қызыл биесіне мініп кетіп қалды (С.Сарғасқаев, Сұлутөр.).

Сол кезде қысқы жүні түлеп түсіп, жонынан маса тайып жығылғандай қызыл айғыр екі құлағын тігіп, үрке қарап, одырайып тұра қалды (З.Ақышев, Біздің шамш.).

3 . Сиыр, түйе, қой малында болатын ашық қоңыр түс.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысының колхоз, совхоздарының малының көбі жоғары өнімді қырдың қызыл сиыры (Халық бақыт.).

Жұман шөгіп жатқан қызыл нарға, оның қасында қалған қоржынға қарай аяңдады («Қаз. әдеб.»).

Құйрығы тегенедей кілең қызыл қойға қызыққандар сонау Әндіжаннан, Наманғаннан, Қоқаннан келіп жатады (Ш.Мұртаза, Қызыл жебе).

4. а у ы с. Адам жүзіндегі қан күрең рең, қызарған шырай.

Можанның бетіне болмашы қызыл жүгірді, бірақ үндеген жоқ (Ә.Кекілбаев, Дала.).

Қылғынып қызға ұмтылған қызу да жоқ,

Қыз – күйік күй сары- нын бұзу да жоқ.

Қарсылап алдында отыр сұр мегежін,

Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ (I.Жансүгіров, Поэм.).

// Шайдың ал күрең түсті қоюы, шығымы.

Қара көздің жанарын кезек аударып отыратын Сымбат шайдың қызылында, сүттің қаймағын да, сыңғырлаған күлкісін де қылдай қиянатсыз екі досқа бөліп беріп жүрді (С.Адамбеков, Қожанасыр.).

Алдына қызылы үйірілген ыстық шай келгенде, оның жүзінен танитын барлық жақсы нышаны бу боп ұшып кеткендей бір қас қағысып, көз түйіскен сәтте ғайып болады (Ұ.Доспанбетов, Сырғалы.).

//Қызыл әскер.

Сосын әкем әбден қызыл кел- генге дейін атағы жоқ, шатағы да жоқ, Жарып шыққандағы қарағай қыстауында шошайып жалғыз отырады да қояды (Б.Аманшин, Көкжар.).

Жүндібайдың кенжесі Шаяхмет Қапалда тройка боп жүріп,қызыл мен ақтың түтеген арпалысында, қапыда ақтардың қолына түседі (М.Мырзақұлов, Өмір.).

// Малдың, аңның, құстың еті.

Жолшыбай шаң қауып, жел жалап келген жігіттер аузы қызылға тиіп, бір-бір аяқ сорпамен қайқайысып алды (I.Жансүгіров, Шығ.).

Сері шал баяғының көзіндей келте көк мылтығын бірінші рет қолға алып, үйрек, қаз атып әкеп, қаршығасын қызылға үйретті (Т.Әлімқұлов, Сейтек.).

Жиналған жұрт “Ауызды ақтан айырмасын, қызылды (етті) уақытымен көрсетсін” деп тарқасады (Қаз. әдет-ғұрып.).

Қайта тіске тиер қызылды батып жемесек те, шалдың арқасында әйтеуір сатып жемеппіз (Т.Иманбеков, Тұт а¦ашы.).

// Жеміс сөлінен дайындалған шарап.

– Әй, тәуекел, Алмасжан үшін өзім де қызылдан ішіп жіберем (Қ.Мұхамеджанов, Өзіме де.).

Жапсырған барқыт бауыр, білем құйрық,

Дастарқан бетін ашты алып бұйрық.

Татамыз алуан түрлі тағамдардан,

Еркекке ақ, әйелдерге қ ы з ы л құйдық (Д.Еркімбеков, Шаншу).

Ұрты суалған ұзыным Бұл жолы шын-ақ бұзылды; «Қазақтың наны, тұзының, – дәмі!» деп ішті қызылды (X.Ерғалиев, Күн күмбез).

// Бүркітті бабына келтіру үшін берілетін қан-сөлі бойында, жуылмаған түйір-түйір қызыл ет.

Құстың қылғып қақшуына оңтайланып туралған қызыл ет. Мұның да қан-сөлі өзінде болады (Шаңырақ yioeee.).

// к ө н е. Әшекей; әшекей бұйымдары (моншақ, алқа сияқты).

Осы тарыға семірген қырғауылдар әр жерден қарқылдасып,қызыл тағынған қыздай бой көрсетеді (А.Тоқмағамбетов, Базар жырау).

Сағым сында сұлусынған көп елес,

Алтын болмас ылғи қызыл көрінген (Қ.Бекхожин, Шығ.).

Қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі “Қыздың көзі қызылда !” деген мәтел «Қыз табиғатынан қызылды- жасылды көз тартарлық нәрселерге, әртүрлі әшекейлерге (інжу, моншақ, гауһар жүзік т.б.) құмар» дегенді аңғартады. Мұның арғы тегінде металл (алтин) жатуu мүмкін (Қаз. зергер. сөздігі).