ҚЫЗЫЛ КРЕСТ

lat: QYZYL Kres

қызыл ай халықаралық қозғалысы, бейтарап және ерікті гуманитарлық ұйым. 1863 ж. құрылған. Женева конвенциясы бойынша бұл ұйым өз күшін халықаралық қақтығыстар немесе елдегі ішкі толқулар мен қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғауды қамтамасыз етуге және оларға көмек беруге бағыттайды. Ол Женева конвенциясына қатысушы мемлекеттерге көмек көрсетеді, халықаралық гуманитарлық көмек жағдайларын әрбір елдің ұлттық заңына үйлестіру және халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді тарату шараларын ұйымдастырады. Қарулы қақтығыстар кезінде бейтараптық танытып, қарсылас жақтарға «бүйрегі бұрмай», тек гуманитарлық, медициналық көмек көрсетеді. Штаб пәтері Женева қаласында орналасқан.