сын. 1. Сан қилы, сан салалы; қызыққа толы . Қызық өмір, кім білсін, сонысымен, Аласы мен құласы, торысымен. Тағдыр түрлі болғанмен, өмір біреу, Ұнатамын өмірді сол үшін мен (3,86). Аумалы мінезім бар аса қызық (Мінезге қолдан қорған орнатпаймын). Рас, кейде көзімнен жас ағызып, Көбінесе еркелеп шолжақтаймын (1,138). 2. ауыс. Адам таңғаларлық, ғажайып, ғажап. Қызық-ау , адам, ғұмырың Қым-қиғаш тарам жолдары. Қатесі болса ұлының, Кешсе Отан... Бақыт сол дағы (2,326). Сіз бенен, аға, біз деген, Бір шебер тартқан қалыппыз Тастан да тамыр іздеген, Тағдыры қызық халықпыз (3,42). 3. ауыс. Ерекше, айырықша, өзгеше . Сұрақтарың қызық екен. Бану сүйе ме, жоқ па, өзінен сұра ( күліп ), маған сүйем деген (4,229). Ақылдым-ау, неге сен қарамайсың?! Кейде өзің де қызықсың баладайсың. Күш сезімді күрес деп санамайсың, Сонда қалай? Қалай деп бағалайсың? (2,266). 4. ауыс. Ішкі сырын білу қиын,түсініксіз д. м . Смағұл ағай да қызық, соның несін жақсы көреді екен?! (4,111). Ағай қар күреп жүр. Дәретке апарар жол ашып жатыр, қызық (4,101).