ҚЫЗЫҚ

lat: QYZYQ

ет. Бір нәрсеге құмарту, ынтығу, әуестену. Ақ гүлді қызықтым да алдым жұлып, Орнаттым үйге әкеліп орнын құрып. Бейне бір күнәсіз зат күлімдейді, Тұрғандай жүрегімнің сырын ұғып (1,13). Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа , қыз! Қызықпа , қыз! Рас-ақ, біздер патша! Мұжық та біз, түзік те біз, Түнерген бұзық та біз! (2,210).