ҚЫЗЫҚСЫЗ

lat: QYZYQSYZ

с ы н. 1. Ешбір қызығы, әсері жоқ, тартымсыз.

Жолдас болғасын оқи тұрайын деп екі-үш кітабын сұрап алған едім, қызықсыз бірдемелер екен (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).

Ертай сонан соң жылда қайталанатын қызықсыз оқудан көңілі қалып, сабаққа келмей қалатынды шығарды (Ө.Тұрманжанов, Адам.).

2. Көңілсіз, сұрқай.

Осыны ойлағанда Батыр өз тіршілігінің сұрықсыз, қызықсыз өтіп жатқанын сезінді (Д.Досжанов, Дария).