ҚЫЗЫҚТЫҚ

lat: QYZYQTYQ

з а т. Ықыласпен көңіл қоятын тартымдылық, тамашалық.

Біз бен сізді күтіп тұрған шаруашылықта қисап жоқ; болашағымыздың қызықтығы да осында (Қ.Исабаев, Соңғы.).

Бұл шығармалардың құндылығы,қызықтығы дворян шындығын, типтік характерлерді өздерінің типтік жағдайында алып суреттеуінде (М.Қаратаев, Туған әдеб.).

“Сұлушаштың” да, “Мақпалдың” да өлеңдері әр жолы, әр мағыналы сөздерді айтып кететін фольклорлық стильде болғанмен, оқиғасының қызықтығымен тартып әкетеді (С.Мұқанов, Өмір мектебі).