lat: QYZYQTYRÝ
Қызықтыр етістігінің қимыл атауы.
1. Әуестендіру, назарын аудару.
Зейнептің әр зат жайындағы ұзын-өркеш әңгімесі Мақпалды қызықтыру былай тұрсын, жалықтыра бастады (Ө.Қанахин, Мұрагер).
2. Ынтықтыру, еліктіру.
Қазақ интеллигенциясы кадеттердің мемлекеттік құрылысты демократияландыру қажеттілігі. Ресейде тұратын ұлттардың еркін өздігімен анықтауы, құқықтық режимді, қатал тәртіпті, заңдылықты іске асыру жөніндегі идеяларды қызықтырмауы мүмкін емес еді («Егемен Қазақстан»).
3. Құмарттыру, көз тартқызу.
Белбеуін әдейі көрсетіп, қызықтыру үшін сырттан буынғанын Аман сезіп отыр (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).