lat: QYZYQTYR
е т. 1. Назарын аудару, әуестендіру.
XVII ғасырда өмір сүрген әйгілі ағылшын астраномы Вильям Гершельді Күндегі дақтың жердегі өсімдіктерге әсері бар екендігі қызықтырған (Т.Омаров, Күн құбылыс.).
2. Ынтықтыру, еліктіру.
Керек емес десем де қызбен жүргені дегені қызықтырайын деді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ол жоқ болса, өзін ешқандай ойынның қызықтырмайтынын қазір түсінді (Б.Нұржекеев, Шығ.).
3. Құмарттыру, құмарландыру.
Бүркіттен басқа жыртқыш құстарды әртүрлі әдістермен ұстайды. Ересек құстарды ау құрып, оның ішіне қыран құстарды қызық-тыратын кептер, ұзақ, қарға сияқты құсты байлап қояды (Р. Әлімбаев,.. Құстар.).