ҚЫЗЫҚТЫР

lat: QYZYQTYR

ет. 1. Назарын аударту, әуестендіру . Жайдарысың, жарамсақтық қоршаған, Әдемісің, әзәзілдік жол саған, Қызықтырған әккі әйелдер алдында, Шыдап тұрмас құдай ұлы болса да (4,27). Еркеш Ибраһимнің «Өмір өлмейді» дастанындағы адамдар тағдыры оқушысын қызықтырады , тартады, күйінтеді, сүйінтеді (4,250). 2. Еліктіру, ынтықтыру . Қызыл қырман, Қызықтырған . Қайтадан бір жандансын. Сағымдайын жүзіп қырда, Сағындырған ән қалсын (3,26). Туған халқының тілі мен өнері, күйі мен жыры қызықтырады (4,315).