Қайдан білейін [білемін, білсін]

lat: Qaıdan bileıin [bilemin, bilsin].

Белгісіз, түсініксіз. Түнге қарай, түйсік салып, түрткілейді үрейім. Таң атқанша не болады?! Оны қ а й д а н б і л е й і н Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін. Ортасында солардың мен, Ойнап-күліп жүрейін (М.Мақатаев, Жырлайды жүрек). Дұшпаның бар ма? Дейсің, Қ а й д а н б і л е м. Әйтеуір, жүрген жерім сайран кілең, Қазақтың қайсы үйіне барсамдағы, алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем (М.Мақатаев, Өмір-өзен). Аристодим айтты: - Ол менің қамымды жейтұғынын мен қ а й д а н б і л е м дедібай, Шығ. жин.). Бақ шіркін бір күн қонып, баурыңа еніп, Кетпек қой ертеңінде-ақ алдап, күліп. Алтын Күн аспандағы қ а й д а н б і л с і н, Қаптарын қапылыста қара бұлт! (М.Жұмабаев, Таңд.).