lat: Qaınar bulaq
а) Жерден, тастың түбінен шымырлап шығатын су; бастау, қайнар.
- Дәл қасымызда үш қайнар бұлақ бар, соларды пайдаланайық (Ә.Тәжібаев, Гүлден.).
Ішкеннің мейірі қанатын,
Ішпеген аңсап баратын,
Көделі қайнар бұлақта
Тартылмайтын көз болар! (Базар жырау, Шығ.).
ә) Сарқылмас байлық, таусылмас қор; нәр алар жер, көз.
Шолохов стилін қоректендірген негізгі қайнар бұлақтардың бірі - халық поэзиясы (М.Қаратаев, Туған әдеб.).
Бақыттың қайнар бұлағы,
Өмірдің өшпес шырағы,
Бейбітшілік, бейбітшілік!
- Әділетті әр адамның ұраны (Жыл он екі ай).
Қазақ халқының этникалық іргетасы, түп-тамыры саналатын тайпалардың ең көнесі әрі байырғысы - үйсін мен қаңлы тайпаларына қатысты аса мол тарихи мағлұматтардың бар екенін жақсы білсек те, оларды ұлттық тарихымыздың қайнар бұлағы, тереңде жатқан тамыры ретінде тануға белгілі себептермен бара алмағанымыз рас («Парасат»).