Қандай да болсын дамудың, қозғалыстың ішкі көзін көрсететін категория. Сыртқы қайшылық ретінде ғана көрінетін қайгылық онда көз бола алмайды. ішкі және сыртқы қайшылықтардың бірлігін мойындау диалектиканы метафизикадан өзгеше етеді. Диалектика дегеніміз заттардың төл табиғатындағы қайшылықтарды зерттеу. Басқаша айтқанда, диалектика метафизикадан қайшылықтарды жалпы мойындаумен емес, қайшылықтардың заттардың төл табиғатында болуын мойындаумен, яғни маңызды, ішкі, қажетті қайшылықтарды мойындаумени өзгешеленеді. Диалектика қарастыратын қайшылықтан ойдың шырмалуы мен дәйексіздігін білдіретін «логикалық» қайшылықты ажырата білу керек. Диалектика қарастыратын қайшылық қозғалыс көзі бола отырып өзі де қозғалыс, даму үстінде болады. Қайшылықтың даму сатыларына заттардың төл табнғатын алғанда тепе-теңдік, өзгешелік, қарама-қарсылық қайшылықтары немесе қайшылықтың өзі жатады. Демек, қайшылық категориясы заттар табиғатындағы қайшылық дамуының барлық сатыларын, оның ең жоғары сатысын да сипаттайды. Тепе-теңдіктің өзі-ақ қайшылық негізі болып табылады, өйткені өз-өзіне айтарлықтай тепе-тең бола тұрып, ескілік атаулы өз бойында жаңалық атаулының алғышарттарын, яғни өз-өзінен өзгешелік сәттерін, бірақ тепе-теңдікке бағынған сәттерді қамтиды. Өзгешеліктің өзі де әлі толык, дәрежесінде дамымаған қайшылық болып табылады, өйткені жаңалық пен ескіліктің қатар өмір сүруі бірінші кезекте шыққанымен, жаңалық ескіліктен пайда болып, ескілікпен байланыста одан әрі дами береді. Қарама-қарсылықпен салыстырғанда қайшылық бұрынғыдан да жедел дамиды, өйткені жаңалықтың ескілікті теріске шығаруы қабылдамауы бірінші кезекке қойылғанымен, бұл арада да жаңалық ескіден пайда болып, ескіліктен ішкі байланыстың өзі анық байқалады: жаңалық ескілікті теріске шығару ретінде жүзеге асырылады. Қайшылық ең жоғары сатысында жаңалық ескіні, оның ішінде өзінің тепе-теңдігінен айрылып, өзгерген ескілікті теріске шығаруды, өзгертуді тамамданды. Енді әртүрлі мәселелердің заттардың және т.б. байланысы, ішкі бірлігі қалыптасады. Қайшылық сатысында қайшылық жақтарының бірін-бірі теріске шығаруы емес, бұл процесте олардың бір-бірінен өзгеше түсініктер ретінде бірін-бірі дүниеге әкелуі ең басты мәселеге айнаалады. Бірін-бірі теріске шығара отырып, қарама-қарсы мәселелер бір-біріне айналады, тепе-тең сипат алады. Бұл — қайшылықтық шырқау сатысы. «Диалектика дегеніміз... белгілі бір заттағы қайшылықтың ең жоғары сатысына жетуі бір мезгілде оның жойылып кетуінің алғышарттарының пісіп-жетілуін де білдіреді, өйткені қайшылықтың мұндай сатысы заттың өзін-өзі өзінің ішішдегі, өзінің ішкі қозғалысымен теріске шығаруы болып табылады».Диалектика өзінің мәнісі жөнінен «орын алып отырған нәрсені дұрыс түсінуге... сонымен бірге оны теріске шығару, оның міндетті түрде жойылуы жөніндегі ұғым-түсінікті қамтиды, әрбір пайда болған форманы ол қозғалыс үстінде, демек сонымен қатар оның өзгеретін жағынан қарастырады, олар ештеңеге де бас имейді және өзінің мәнісі жөнінен сыншыл және революциялық сипатта» (Ф. Энгельс). Диалектика қарастыратын қайшылық жалпыға бірдей сипатта, ол табнғатта да, ойлау жүйесінде де, санада да кездеседі.