Қайшылық заңы

lat: Qaıshylyq zańy

Бірін-бірі теріске шығаратын екі сөйлемнің бір мезгілде бірдей шынайы бола алмайтындығын көрсететін логиканың заңы. Қайшылық заңының алғашқы тұжырымдамасын Аристотель жасады. Қайшылық заңын былай деп те тұжырымдауға болады. Сөйлем бір мезгілде шынайы да, жалған да бола алмайды. Формальды қайшылықтардың ой-пікірге немесе ғыл.теорияға енуі оларды негізсіз қайшылықтарға айналдырады. Қайшылық заңын обьектілерден, обьектінің өзгерісінен назарды басқа жаққа аударсақ, оның бір мезгілде бірін-бірі жоққа шығаратын қасиеттерге ие бола алмайтыны туралы фактінің ойлау жүйесінен көрініс табуы болып табылады.