автордың айтар ойы бар, пікірі қажетті, бірақ тілдік қабілеті кемшін, сөздік қоры аз, ойын толық жеткізуге шорқақ болғанда редактор автордың ойын сақтай отырып сөйлемдерді қайта жазып шығу үдepici. Жөндеу, өңдеу, қысқарту және қайта жазу үдерістері автордың ықыласын алғаннан кейін жүзеге асуы керек. Егер автор келісім бермесе, ал редактор авторлық мәтінді көпшілікке ұсынуды дұрыс көрмесе, онда ортада мәмлегерлік парасат үстемдік етуі керек болады. Кімнің уәжі орынды, соған токтам жасаган дурыс. Ең бастысы - автор мен редактор өзара келісе отырып атқарса, кез келген мәселе шешімін таппай қоймайды.