Қайын ене

lat: Qaıyn ene

этн. Ер адамның әйелінің шешесі. Сүйеу қарт соңғы қозысын сойып, қазан көтертті. қ а й ы н е н е с і де пейілді (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Қасболат бұл күнде ауылдың үкімет бастығы. -қ а й ы н е н е ң сол кісінің қолында, аман жүріп жатқан көрінеді (С.Омаров, Дала қызы).