а) Қағаздан жасалған ақша. Ақшалықты алып қарасам, ішінде бір топ бүктеулі қ а ғ а з а қ ш а (С.Бегалин, Мектеп түлек.). Әулие алдындағы қ а ғ а з а қ ш а н ы кемпірдің өзіне қайырып тастады (М.Дүйсенов, Мейман.). ә) экон. Атаулы құны бар ақша белгілері, яғни айналыста толымды ақшаны алмастыратын құн белгілері. Қ а ғ а з а қ ш а ықтиярсыз көрсетулі бағасы бар, әдетте, металға айырбасталмайтын және үкімет өзінің шығындарын өтеу үшін шығаратын ақша белгілері (Қаз. тілі термин. Экономика.). Қ а ғ а з а қ ш а айналыс, төлем құралы; салыстырмалы тұрақтылық кезеңінде жинақ ақша қызметін атқарады (Қазақст. энцик.).