осы заманғы автоматтық қағаз жасайтын машина өзінің көлемі жағынан орасан зор керемет агрегат болып келеді. Оның ұзындығы - 114 метр, ені - 8,7 метр, салмағы - 4000 тонна. Бір шетінен шикізат массасы үздіксіз ағындап келіп жатады, екінші шетінен минутына жылдамдығы 600-700 метр қағаз су ағынындай боп ағып жатады.