Қабағы қату

lat: Qabaǵy qatý

Қабағы қатыңқы, ренішті. Қоңыр жел соқты алаптан, Таулардың басын күн шалып, Жазылды қ а т у  қ а б а қ т а р, Жүздері кенет жұмсарып (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Өзіміздің жаңағы, жігіттер емес сияқты. Бәрінің қ а т у  қ а б а ғ ы, Бола қапты жинақты (Қ.Аманжолов, Өлеңд.). Әлі түнеріп келе жатқан Жүністің қ а т у  қ а б а ғ ы зарлауықтың өзінен бұрын жеткен үнінен шайдай ашылып кетті (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).