lat: Qabattasý, qosarlaný, jarysý, qosamjarlaný, qalyspaý.
Бip іске көп болып араласу, қоса қабаттасу.
Шешей амандасып жатқасын оның қабаттасуының қажеті де жоқ (А. Хангелдин).
Абылай әйелдің сөзге қосарлануын ұнатпағандай Жаңылға түйіле қарап қойды (С. Мұқанов).
Бepi жағалай жайғасып, жан-жақтан қаумалай қоршап, жарыса сөйлеп жатыр (Б. Тілегенов).
Күмпілдеген қанды майдан бітep болмады, онымен қосамжарланып қыс келді (Б. Соқпақбаев).
Жұмабек те Семеннен қалысатын емес, мықшыңдап жатыр (Б. Тілегенов).