lat: Qabyldaý bólmesi
Белгілі бір мекеменің келушілерді қабылдайтын бөлмесі.
Бұлар қол алысып, қабылдау бөлмесінен сыртқа беттегенде партбюро секретарының есігі қайта ашылды (С.Шаймерденов, Болашақ.).
Ғанисыз бюро мәжілісі ашылмайды. Келгендер қабылдау бөлмесінде күте тұрсын (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.).
Мысалы, осыдан үш-төрт жыл бұрын біздің бір вице-премьер мен министрдің біздегі «КЕГОК» секілді Ресейдің бір ұлттық компаниясының басшысына кездесе алмай, қабылдау бөлмесінде отырғанын баспасөзден естідік («Түркістан»).
Кеңес бітісімен қабылдау бөлмесіндегі кезекшіге мәулет қағазына белгі соқтырып, көрсетілген уақыт ішінде кешкілік келген ізіммен кері қайттым (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).