Қалдық азот

lat: Qaldyq azot

қан мен ұлпалардағы азотты қосылыстардың жиынтығы. Қалдық азоттың негізін мочевина, амин қышқылдары (глутамин мен глутамин қышқылы), зəр қышқылы құрайды. Қалдық азоттың аз мөлшері креатин, креатинин, аммиак, пептидтерден (глутатион) құралады. Қан құрамындағы қалдық азот мөлшері бүйрек қызметі бұзылғанда, белок катаболизмі күшейгенде байқалады.