Қалпына келтіру

lat: Qalpyna keltirý

Жөндеу, бұрынғыдай ету. Соғыстан кейінгі жылдарда барша шаруашылықты қ а л п ы н а к е л т і р у міндетін жетік түсінген еңбекші қауым қыруар істі қауырт тындырды (Ш.Байбатшаев, Бел- белес.). Мен архитектормын. Баян-бүбіні қ а л п ы н а к е л т і р у үшін трест бізді әдейі жіберді (Ә.Тарази, Асу-асу). Бала үшін бірнеше минуттық демалыс күшін қ а л п ы н а к е л т і р у г е жетіп жатыр (Б.Хабижанов, Бала.).