қан құрамындағы химиялық байланыстағы жəне ерітінді күйіндегі азот, оттегі, көмір қышқыл газы. Азот пен оттегі қанға атмосфералық ауадан келеді, ал көмір қышқыл газы организм торшаларында өндіріледі. Қан құрамында азот тек ерітінді күйінде аз ғана мөлшерде (1,2 көлем процент шамасында) болады. Оттегі мен көмір қышқыл газы негізінен химиялық қосылыс түрінде тек аз ғана мөлшерде ерітінді түрінде болады.