Қар тоқтату

lat: Qar toqtatý

егістік алабында қарды тоқтату және сақтау мақсатымен қолданылатын агротехникалық тәсіл. Ол қыстайтын дақылдарды (күздік дәнділер, жеміс-жидек дақылдар, көпжылдық шөптер) қыс айларында, ерте көктемде қауыпті төмен температурадан қорғауға, топырақта ылғал қорын көбейтуге мүмкіндік туғызады, құрғақ көктемде өністің қауырт шығуына да әсерін тигізеді.