Қарауыл кызметі

lat: Qaraýyl kyzmeti

әскери объектілерді, әскери техника мен қару-жарақ қоймаларын күзететін және қорғайтын қызметтің ерекше түрі. Қарауыл кызметін ұйымдастыру ісі Қарулы Күштердің гарнизон және қарауыл қызметтерінің жарғысында баяндалған. Қарауыл кызметін гарнизон ішінде гарнизон бастығы, әскер бөлімінде оның командирі басқарады, Қарауыл кызметіне әскер бөлімінен қарауыл тізіміне енген жеке құрамалар жіберіледі. Олар Қарулы Күштердің гарнизон және қарауыл қызметтері жарғысында белгіленген қызмет адамына бағынады.