Қарапайым, жабайы, жұпыны, жай, қарабайыр, жобалғы

lat: Qarapaıym, jabaıy, jupyny, jaı, qarabaıyr, jobalǵy

сөйл., жөнтек сөйл. Көз тартарлықтай емес, қалай болса солай, алқам-салқам. Қонақ қанша қарапайым болғанымен, үй иесі оның председатель екенін еске ала берді (К. Баялиев). Ол милиқионерлік белгісінің бәрін тастап, жабайы киініп алған еді (К. Оразалин). Ауыл тұрмысы жұпыны, қай үйге кірсең де, жер еден, аласа дөңгелек үстел (Ә. Әлімжанов). Ол да осы қаладағы май заводында жай қызметкер болып істейтін (Ә. Шәріпов). Мұндағы адамдар - қарабайыр сауыншы емес, жалықпай ізденгіш творчестволық еңбек адамы (С. Сарғасқаев). Қара мұрт бұл жігіт, өте жобалғы киінеді екен (С.Мұқанов). Көкшіл кителінің сыртынан жөнтек қана бірдеңені кие салыпты (Ә. Шәріпов).