Қарсылық етті

lat: Qarsylyq etti

Тайталасты, дауласты, қарсыласты.

Егер біреу-міреу қарсылық етсе, дереу Халық комиссарлары Советіне қойыңыз (Қазақст. тарихы).

Алғашқы күндердегідей емес, аяқ іліккен жерге табан тіреп, жиі-жиі жауға қарсылық етеді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).