Қарым-қатынастың аспаптық стилі

lat: Qarym-qatynastyń aspaptyq stıli

Бұл стиль ең алдымен сөйлеушіге немесе вербалды қарым-қатынастың қатысушысына және қарым-қатынас мақсатына бағытталған. Бұл стиль индивидуалистік мәдениеті дамыған қоғамдарға тән.

Қарым-қатынастың аспаптық стилінде қарым-қатынастың мақсатына жету үшін нағыз білім керек. Қарым-қатынастың аспаптық стилі адамның өз бет-бейнесін айқын көрсетуге, өзінің ұстанымын ашық дәлелдеуге, сонымен қатар, әңгімелесушіге тәуелсіздігін білдіруге көмектеседі. Қарым-қатынастың аспаптық стилі АҚШ және Еуропа мәдениеттеріне тән (Дания, Нидерланд, Швеция). Бұл мәдениеттерде маңыздысы адамның өзін-өзі сөйлеуде көрсетуі, оларды вербалды қатынастың көмегімен түсінсін деген тілек.