Қасиетін білді [ұғынды, сезді, түсінді]

lat: Qasıetin bildi [uǵyndy, sezdi, túsindi]

Құдіретін сезінді, қадірін түсінді. Көркемдік құдірет қой, Қ а с и е т і н  б і л і п ек қой. Бәйбіше, сатып әпер, Ғажайып сурет қой (К.Салықов, Жезкиік). “Сен түгіл Құдайыңның өзі б і л г е н, Тіліңнің қ а с и е т і н сезіп, үйрен!” Деді де қазағына, бауырына, Жоқ еді осы жолда көзін ілген (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Ұ ғ а білсең әр сөздің қ а с и е т і н: Досьеүн әрбір жыр досье-түн. Ермек емес жазылған еріккенде, Өлең менің ақырғы өсиетім (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан). Күн үміткер, Бірақ тағы жеңбек түн: Бәрі заңды тумақ пенен өлмектің. Күш-қуатың сарқылып та бітеді Қ а с и е т і н  т ү с і н г е н ш е Еңбектің! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).