Қасақана, әдейі, жорта

lat: Qasaqana, ádeıi, jorta

Біле тұра қыңырлықпен, қисықтықпен. Балдағы бар жігітті көрдім-дағы Қасақана сауал бердім келдім де (Қ. Аманжолов). Бөрібай кемпірдің жерінен бір-ақ шыққысы келіп, әдейі жерін айтпай, руын айтты (Т. Ахтанов). Махамбеттің көлденең тартқан атынан бас тартып, Исатай жау ішінде жорта жаяу қалып тұр (Т. Әлімқұлов).