Алалығың қалмайды-ау қашан да (Ғ. Мүсірепов). Түркі тілдеріндегі качан сөзін В. В. Радлов қай және чағын деген екі сөзден құралған болу керек деп қараса, С. Е. Малов мұндай этимологиялық талдауды күмәнді нәрсе деп санайды (Малов. Пам. др. письм.). Дегенмен, көпшілік зерттеушілер В. В. Радловтың осы пікірін қостайды да, мынадай формула ұсынады: қай чағын>қай чаын >қай чаан > қай чан >қайчан> қачан > қашан (Ф. Г. Искахов, А. А. Пальмбах. Грамматика тувинского языка, 1961; Г, И. Донидзе, О составе и функциях слова хачан в хакасском языке. — Записки хакасск. научно-иссл. ин-та языка, литературы и истории, вып. V, 1957; Катанов. Опыт иссл. урянх. яз. Салыстырыңыз: А. Борджанов. Вопросительные местоимения в туркменском языке. — Изв. АІІ Туркменской ССР, Серия обшественных наук; №6, 1962; А. М. Аппаев, Диалекты балкарского языка и их отношение к балкарскому литературному языку, Пальчик, 1960). Бұл еңбектерде сөз соңындағы -н(-ын) инструментальдық септіктің көне жалғауы деп түсіндіріледі: қай-чақ-ын. Соңғы автор сөз тұлғасы кач-ан болу керек деп түйеді. Мұндағы кач, қай көптеген түркі тілдерінде жеке тұрып қолданыла беретін сұрау есімдігі. Әңгіме осы сөздің екінші сыңары жайында. С. Құдайбергенов қай- чан (қазақша шен — бір нәрсенің шені, шамасы) деген екі сөзден біріккен шығар деп жобалайды (С. Құдайбергенов. Қырғыз тилиндеги ат атооч-тар, Ф., 1960). Қашан (качан, қайчан, қажан, гачан, хачан, т. б.) сөзі қазіргі көптеген түркі тілдерінде жұмсалады. Оның этимологиялық шешімі жоғарыда келтірілген мысалдардың ізімен жазылып жүр. Біздің ойымызша, қазақ тіліндегі қашан деген сөздің екінші сыңары шақ емес, шан деген жеке сөз болу керек. Мысалы, 1245 ж. жазылған «Түрікше-арабша сөздікте» О (шан) — «уақыт, шақ» деген мағынада жұмсалған: 6у шан тіркесінің араб тіліндегі аудармасы «бұшақ». Шақ сөзінің осы ұғымдағы қолданылуы қазақ тілінің кейбір говорларында сақталып қалғанға ұқсайды. Мысалы, Қызылорда, Гурьев, Алматы облыстарында шанда сөзі «анда-санда, оқта-текте» деген ұғым береді: Асылында бұл жерде қасқыр жоқ, шанда бәрі бір көрініп кетеді (Аманжолов, Вопр. диал.) Қазақ тілінің Шу говорында мұны чанда, кейбір оңтүстік аудандарда санда деп айтады. Бұл форма басқа түркі тілдерінде де ұшырайды: балкарша шендю — қазір. Уақыт жағынан алып карағанда өте сирек кездесетін нәрсені қырғыздар санда, төлеуіттер сандак, сандакта дейді. Проф. С. Аманжоловтың зерттеулері бойынша, қазіргі қазақ тіліндегі қашан сөзі қайшан деген екі түрлі тұлғадан біріккен болу керек. Мұндағы шан (шанда) — әдеттегі сан (сан- да: анда-санда) деген сөздің фонетикалық басқа бір (ш дыбысымен айтылатын) варианты. Бұл жерде С. Аманжолов айтып отырған қай — бүкіл түркі тілдерінде қолданылатын сұрау есімдігі. Ол, В. Радловтың айтуынша, тек қырғыз тілі мен татар тілінің сағай, қазан диалектілерінде ғана түбір күйінде жұмсалады, ал басқа түркі тілдерінде әр алуан септеу жалғауларымен қосылып келіп, үстеу есебінде қолданылады. Біздің ойымызша, бірінші сөздің түбір тұлғасы —-қаш (басқа түркі тілдерінде оның кач, қаж, гач, хач, хаһ не қай болып келе беруі мүмкін). Бұл түбір көптеген түркі тілдерінде қанша, неше деген сұрау есімдігінің қызметін атқарады (алтай, төлеуіт, қырғыз, қашқар диалектісі, тараншы, турфан, хами наречиелері, түрік, шағатай, қарайым тілдері т. б.) Біздің солай дейтін себебіміз мынадай фактіге байланысты: Қазақстанның кейбір оңтүстік аудандарын мекендейтін қазақтар қашан сөзін бұрынғы өткен шақ мағынасында қолданғанда қашшан деп айтады: — Ей, сен, қашан келіп едің? — қашшан! (бағана, баяғыда). — Сен қашаннан бері осылай боп қап едің? — Ой, мен қашшаннан бері-ақ осындай едім ғой! Қашан сөзінің екінші сыңары шан екенін (жоғарыда көрсетілген кейбір зерттеушілер айтқандай, ан емес екенін) мынадай мысалдан да көруге болады: қашан барсаң, ошан бар, ол қашан келсе, ошан келсін, онда менің жұмысым жоқ. Мұндағы ошан о деген сілтеу есімдігі мен шан деген формалардан құралған. Сонымен, қашан сөзінің құрылымын былай деп көрсетуге болады: қашан <.қай+шағын да емес, қай+шан да емес, қаш+шан деген сөздердің өз ара тіркесіп келуі арқылы жасалған. Шан сөзінің этнмологиясын өз алдына бөліп алып әрі қарай зерттей бастасақ, кейбір тюркологгар айтып жүргендей, мүмкін ол шағын (шақ + ын) формасына барып соғар. Жоғарыда келтірілген мысалдарға қарағанда шан қазақтың халықтық тілінің қалыптасу заманынан (XV ғасырдан) әлдеқайда бұрын-ақ (XIII ғасырда) осы тұлғада қолданылғанға ұқсайды. Сондықтан біз қазіргі қашан сөзінің этимологиялық тарихын осы түбірден ғана бастағанды жөн көрдік. (Ә. Қ.)