Құрдастары біртіндеп о дүниеге кете бастады. Қ а т а р ы м ы з с и р е й берді, Атыла бердік, асыла бердік. Олар бізді илей берді, Ал біздер ашына бердік, ашына бердік (М.Мақатаев, Шығ.). Қ а т а р ы м ы з а з а й д ы қапы қалдық, Өміріміздің жанады оты қалғып. Қазан ұрмай, қар жаумай бұл тіршілік, Кетті бізді ойран ғып, Отырар ғып (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Оздырып ақындықтан әкімдікті, – Көрінді атқа қонған әркім мықты. Күндейді әлі тірі жүргеніңді Дегендей “қ а т а р ы ң н ы ң бәрі б і т т і!” (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).