Ешкімнен кем болмады, жұрттың істегенін істеді, ел қатарлы өсті. Ана тілің – ар, намысың, Анашыңдай сүйкімді. Қ а т а р ы ң н а н қ а л м а у үшін, Сен жақсы біл бұл тілді (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Өзіңді білімменен білетіндер Секілді қыран бүркіт қабақтанып. Базары өнер-білім ашылғанда, Қ а т а р д а н жатпа үйіңде қарап қ а л ы п. Бос белбеу, босаң туған бай баласы, Махрум сыбағадан манапталып (Ә.Найманбаев, Шығ.). Өзі жаман туғанның – Ата-тегі сұралмас. Басы тәуір болғанның – Қ а т а р д а н басы қ а л а алмас (Кердері Әбубәкір, Қазағым).