Қатерлі ісік

lat: Qaterli isik

м е д. <лат. carcinoma> Тіндердің айналасында өсіп, олардың қызметін бұзатын ісіктер; осы ісіктердің жайылуынан ағзада метастаз үдерісінің басталуы. Ісіктің тарамдалып, айналасы шаянның аяғы сияқты болғандықтан қ а т е р л і  і с і к рак деп аталған (ҚҰЭ). Немістің ғалымдары соңғы 25 жыл көлемінде еуропалықтардың белсіздігінің көбеюін памперстің кеңінен қанат жаюымен байланыстырады. Оған қоса, оқымыстылар бұл жерде қ а т е р л і  і с і к т е р д і ң де қаупі бар дегенді алға тартады (“Зерде”).