Қатты ерітінділер

lat: Qatty eritindiler

ф и з. Концентрациялары берілген температураның, қысымның кейбір шегінде өзгеретін, біртектілігі бұзылмайтын, бірнеше құраушылардан тұратын қатты заттар. Қ а т т ы  е р і т і н д і л е р химиялық төзімді, электр тогын жақсы өткізеді, өте берік, қатты және майысқақ (ҚҰЭ). Жердегі көптеген тау жыныстары мен минералдар (дала шпаты, каолинит, т.б.), сонымен қатар көптеген металдардың қорытпалары да (болат, шойын т.б.) қ а т т ы  е р і т і н д і л е р болып табылады (ҚҰЭ).