. Мейірімсіз болушылық, қатыгез болушылық. Қадірлі апатай, біржола қараңды өшір дегеніңіз қатыгездік болар (С. Шаймерденов). Мыржақып, мен сенің баяғыда ұстазың болып едім ғой, осынша қатыбастығың ба маған айтқан алғысың (М. Жұмағұлов). Мақтапбергеннің қаталдығы, мейрімсіздігі, жауыздығы бүкіл елге белгілі (Ж. Тәшенов). Залым құрттар қан сормасын, бітсін деп, Сүйген жалғыз бейнетқорлар жүрегі, Тасбауырлық, рақымсыздық кетсін деп (И. Байзақов).