Қатып кетті

lat: Qatyp ketti

а) Өсіпетілу мерзімінен асты, уақыты озды. Патисонның қ а т ы п  к е т к е н д е р і асқа жарамайды, оны жинағаннан кейін бірден пайдалану керек (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.). ә) с ө й л. э к с п р. Дұрыс болды, жақсы болды. “Біз майданға тез барып, қас жауды талқандау ісіне қатысқымыз келеді, сондықтан бізді әскер қатарына алуға бұйрық беруіңізді сұраймыз!” десек, маршал Тимошенкоға, бұл, әрине, қ а т ы п  к е т е д і деп Қуатбек жолдастарын күлдіріп жатыр (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). б) с ө й л. э к с п р. Жараса кетті, құйып қойғандай дәл болды. Мына көйлек саған қ а т ы п  к е т і п т і (Ауызекі).